383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада қызылшамен ауырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

  • 291
  • UPD: 12:59, 08.02.2019
Еуропада қызылшамен ауырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті dpchas.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропада соңғы 10 жылда қызылшамен ауырғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл 2017 жылдағы көрсеткіштен үш есе, 2017 жылғыдан 15 есе артық.

Әсіресе, Украинада жағдай өршіп тұр. ДДСҰ баяндамасына сүйенсек, Украинада 53218 адам қызылша дертіне шалдыққан. Бұдан тыс, Сербия (5076 адам), Франция (2913) және Италия (2517) елдері де тізім басында тұр. Сондай-ақ Ресейде 2256 науқас тіркелген.

Соңғы жылдары вакцинадан бас тарту салдарынан Еуропа елдерінде қызылшамен ауырғандар саны күрт арта бастады.

Хабар 24 телеарнасы