412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда әуежай маңында 70 жыл бойы жатқан екі бомба табылды

  • 996
  • UPD: 14:55, 08.02.2019
Италияда әуежай маңында 70 жыл бойы жатқан екі бомба табылды

Римдегі «Чампино» әуежайының аумағында екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері жатқан екі бомба табылды.

Әрбіреуінің салмағы – 150 келідей. Жарылғыш заттар ұшақтардың тұрағында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезде анықталды. Мамандардың айтуынша, ату жарақтары 70 жыл бойы жерде көміліп жатқан. Бомбылар табылғаннан кейін әуежайдағы адамдар толық эвакуацияланды. Барлық рейс уақытша «Фьюмичино» әуежайына ауыстырылды. Ал оқиға орнына жеткен әскери инженерлер табылған затты қазып алып, оны жою үшін арнайы полигонға жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы