426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-Мексика шекарасына 2 мыңға жуық мигрант жиналды

  • 902
  • UPD: 07:17, 09.02.2019
АҚШ-Мексика шекарасына 2 мыңға жуық мигрант жиналды

Техас пен Мексика шекараларына 2 мыңдай мигрант жиналып қалды. Олар АҚШ-тан баспана сұрап отыр. Босқын атаулыны жақтыртпайын АҚШ билігі кеденге бірден полицейлер мен Техас қауіпсіздік департаментінің қызметкерлерін аттандырған.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, егер мигранттар шекарадан заңсыз өтсе бірден қамалады. Ал Мексика билігі босқындарға уақытша жатын орын беріп тамақтандырған. Тіпті интернет желісін ұсыныпты. Балаларды қорғау бойынша мемлекеттік агенттіктің хабарлауынша, мигранттар арасында кәмелететтік жасқа толмаған 46 бала бар.

Хабар 24 телеарнасы