387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда Карангетанг жанартауы атқылады

  • 428
  • UPD: 07:53, 09.02.2019
Индонезияда Карангетанг жанартауы атқылады

Индонезияның Сулавеси аралында Карангетанг жанартауы атқылап, жүздеген тұрғын баспанасын тастап қашуға мәжбүр болды.

Жанартау лавасы екі елді мекенге кірер жолды басып қалған. Салдарынан билік өкілдері зардап шеккендерге көмекті теңіз арқылы жеткізіп жатыр. Қауіпті аймақтан 132 адам эвакуацияланды.

Айта кетейік, Индонезия – жанартау қауіптілігі жоғары аймақта орналасқан мемлекет. 127 құбылмалы жанартау дәл осы елдің аумағында орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы