384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда қираған көпір қайта салынады

  • 570
  • UPD: 11:19, 09.02.2019
Италияда қираған көпір қайта салынады

Италияның Генуя қаласында өткен жазда опырылып қалған көпірді аршу жұмыстары басталды.

Автокөлік қалдықтарын демонтаждау елдің премьер-министрі Джузеппе Контенің қатысуымен өтті. Қирандылар бөлшектеліп, металл трос арқылы төменге түсіріліп отырады. Бұл орынға болашақта жаңа көпір салынбақ. Ол танымал итальяндық архитектор, сенатор Ренцо Пианоның жобасы бойынша тұрғызылады.

Данило Тонинелли, Италия көлік және инфрақұрылым министрі:

- Біз инженерлік тұрғыда өте қиын жұмысты бастадық. Жылдың соңында жаңа көпір салынатын болады. 2020 жылдың басында пайдалнуға беретін боламыз.

Айта кетейік, Генуяда 2018 жылдың тамызында маңызды көпірдің бірі опырылып қалған еді. Төтенше жағдай кезінде көпір үстінде 30 автокөлік болған. Қайғылы оқиғадан 43 адам қаза тауып, 10-нан астамы ауыр жарақат алған еді. 

Хабар 24 телеарнасы