386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда сарылар қайта ереуілге шықпақ

  • 368
  • UPD: 15:27, 09.02.2019

Францияда сары жейделілердің кезекті ереуілі осымен 13-рет қайта ұйымдастырылмақ.

Осыған орай жергілікті билік қауіпсіздік мақсатында алдын ала шараларды қолға алып, барынша қамданып жатыр. Өткен ереуілде қала көшелеріне 60 мыңға жуық адам шыққан еді. Әдеттегідей сарылардың ереуілі жаппай тәртіпсіздікке ұласып жатады. Қазір ел бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Екі ай бұрын басталған наразылық акциялардан жергілікті билік шамамен миллион еуроға жуық шығынға батты.

Хабар 24 телеарнасы