384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда орхидея фестивалі басталды

  • 384
  • UPD: 10:44, 10.02.2019

Лондонның Кью атты ботаникалық бағында дәстүрге айналған орхидея гүлінің фестивалі басталды. Шара осымен 24-рет өтуде. Оған әсем гүлдің ондаған түрі көпшілік назарына ұсынылды.

Олардың көбі арнайы Колумбиядан жеткізілген. Шара аясында көрермендер үшін қызықты бағдарлама әзірленді. Мысалы, келушілерге гүлдерді отырғызудан шеберлік дәрістерін өткізіліп, би ұйымдастырылған. Сонымен қатар ғалымдар гүл өсіруге қатысты өз құпиясымен бөліседі. Ал келушілерге кофе мен ұлттық тағамдар ұсынылады. Фестиваль 10 наурызға дейін жалғаспақ.

Хабар 24 телеарнасы