425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лос-Анджелесте «Грэмми» жүлдесін табыстау рәсімі өтеді

  • 934
  • UPD: 12:22, 10.02.2019
Лос-Анджелесте «Грэмми» жүлдесін табыстау рәсімі өтеді

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында музыка индустриясында ең беделді марапаттардың бірі - «Грэмми» сыйлығын табыстау рәсімі өтеді. «Стейплс» спорттық ойын-сауық орталығында «қызыл кілеммен» жүріп өткендер туралы репортаждар 11 ақпанға қараған таңда (Лос-Анджелес пен Астана уақытындағы айырмашылық 14 сағат ) Астана уақытымен таңғы сағат 4-те Grammy.com сайтында басталады.

Ал марапаттау рәсімін көрсетуді Си-Би-Эс телекомпаниясы таңғы 7-де бастайды. Шағын «алтын граммофондар» 84 санат бойынша табысталады. Соның ішінде төртеуі ең беделді болып саналады. Бұл «Жыл альбомы», «Жыл жазылымы», «Жыл әні» және «Үздік жаңа әнші».

Хабар 24 телеарнасы