384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та қалың қардан әуежай жұмысы тежелді

  • 567
  • UPD: 17:25, 10.02.2019
АҚШ-та қалың қардан әуежай жұмысы тежелді

Вашингтон штатындағы Сиэтл қаласында түскен қалың қардың салдарынан әуежайдың жұмысы тежелді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, табиғат апатынан шамамен 200-ге жуық рейс кейінге шегерілді. Аймақта бір түннің ішінде жауған қардың қалыңдығы 20 см-ге дейін жеткен. Штат губернаторы өңірде төтенше жағдай жариялады. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Айтуынша, жақын арада шаһарда қарлы боран соғуы мүмкін. Жергілікті билік қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы