426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда көпқабатты үйдің опырылуынан 20-дан астам адам көз жұмды

  • 873
  • UPD: 21:07, 10.02.2019
Түркияда көпқабатты үйдің опырылуынан 20-дан астам адам көз жұмды Сегодня

Түркияның Ыстамбұл қаласында көпқабатты үй опырылып, салдарынан 20-дан астам адам ажал құшты.

Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Сулейман Сойлу хабарлады. Оқиға орнында құтқару операциясы әлі де жалғасып жатыр. Мамандар іздестіру жұмыстарына ауыр техниканы қолданудан бас тартты.

Естеріңізге салайық, жуырда Ыстамбұл қаласында 8 қабатты тұрғын үй опырылып түскен болатын. Жергілікті әкімшіліктің соңғы ақпаратына сәйкес, бүгін опырылған ғимараттағы 14 пәтерде 43 адам тұрған. Оннан астам адам құтқарылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала ақпар бойынша, апат соңғы қабаттардың заңсыз салынуынан болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы