418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран Израильге қарсы күн сайын кибершабуыл жасайды

  • 880
  • UPD: 10:35, 11.02.2019

Ғаламторда тамаққа өздері тапсырыс жасайтын ақылды құралдар немесе телефон арқылы нұсқау берген соң пәтеріңізді өздері тазалай бастайтын шаңсорғыштар жеткілікті.

Мұндай технология қазір жан-жақты қолданылып, адам өмірін жеңілдеткен. Бірақ осындай жетістікпен бірге киберқылмыс деген қылмыстың түрі пайда болды. Қастық ойлаушылар осы құралдарды бақылауына алып, өз жоспарларын жүзеге асыруда.

Қазір киберкеңістікте нағыз соғыс жүріп жатыр. Бұл жерде танкілер жанып, қан судай ағып жатқан жоқ. Бірақ мәселе мемлекеттік жүйенің тұрақтылығына, яғни ел қауіпсіздігіне қатысты болып отыр. Мысалы, қылмыскерлерге теміржолды жару қажет емес. Тек оны басқару жүйесіне кіріп, жолдарда тәртіпсіздік орнатса жеткілікті. Бұрындары мәліметтерді қорғау тек жекеменшік компаниялардың мәселесі еді. Қазір бұл мемлекеттің қауіпсіздігіне айналған.

Беньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

– Иран Израильге қарсы күн сайын кибершабуыл жасайды. Біз оларды үнемі бақылап тойтарыс беріп отырамыз. Бұл мемлекет бізге қоқан-лоқы көрсетуін тоқтатпай отыр. Бірақ біз өзімізге сенеміз және олардан қалай қорғанып, қалай шабуыл жасау керектігін жақсы білеміз. Жалпы мұндай шабуыл кез келген мемлекетке жасалатыны белгілі. Осы тұрғыда әр ел өзінің барлық шаран қабылдайды.

Виртуалды кеңістікте киберлаңкестікпен бірге қарапайым қылмыстар да көбейген. Жаппай цифрландыру өмірімізді жеңілдетті. Бірақ бұл екінші жағынан оны әлсіз етіп те қойды. Себебі үйіңізде өзіңізді қауіпсіз сезіне алмайсыз. Мысалы телефон арқылы басқарылатын шаңсорғышпен үйдегінің бәрін бейнежазбаға түсіріп алуға болады.

Семен Савулькин, киберқауіпсіздік компаниясының директоры:

– Хакерлер қазір қорғалмаған құралдар арқылы кез келген компанияның өніміне шабуыл жасай алады. Мысалы 100 кір жуғыш машинаның жұмысына кедергі келтіріп, оны тоқтату үшін ақша талап етуі мүмкін.

Қазір үй құралдары қорғау – киберқауіпсіздік саласындағы басты бағыттардың бірі. Бұған дейін хакерлерге оларға ықпал ету үшін күрделі құрал-жабдық, компьютерлер керек деген ұғым болған. Қазір мұндайға мұқтаждық жоқ.

Семен Савулькин, киберқауіпсіздік компаниясының директоры:

– Айталық, қарапайым планшеттің ішкі жүйесін өзгертсе жеткілікті. Оны білетін адамға қорғанышы әлсіз тұрмыстық техниканы бұзуға аса күрделі құралдың қажеті жоқ.

Жақында Лас-Вегас қаласында өткен көрмеде израильдіктер қарапайым планшет арқылы ұялы телефонмен басқарылатын шамды қалай өшіруге болатынын көрсетті. Сөйтіп үйде қожайынның бар-жоғын анықтап, ондағы құралдарды қашықтан басқарды. Бұл көрмеге қатысушы компанияларды таң қалдырды.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы