375,95 426.6 5.7
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда 3D-принтермен көпір басып шығарылды

  • 235
  • UPD: 10:42, 11.02.2019
Қытайда 3D-принтермен көпір басып шығарылды tengrinews.kz

Бейжіңде Цинхуа университетінің сәулет мектебі 3D-принтерде бетон көпірді басып шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Dezeen басылымына сілтеме жасап.

Әлемде ең алғаш осындай әдіспен жасалған бір жақты көпір полиэтилен фибробетоны мен қоспалардан жасалған. Құрылыс 176 блоктан тұрады, оны жасау үшін роботталған қолы бар екі 3D басып шығару жүйесі пайдаланылған.

Басылымның мәліметінше, көпірдің ұзындығы 26,3 метр, ал ені 3,6 метр. Бетоннан жасалған көпір Баошань ауданындағы арнадан өтеді. Барлық элементті басып шығаруға 450 сағат кеткен.

Көпірді дәстүрлі әдіспен салғанша, басып шығарған үш есе арзанға шығады екен, себебі оған арматура мен торлама қолданылмайды.

Хабар 24 телеарнасы