430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ шекарашылары заңсыз өтпек болған 325 мигрантты ұстады

  • 850
АҚШ шекарашылары заңсыз өтпек болған 325 мигрантты ұстады

АҚШ шекарашылары Аризона штатында ел аумағына заңсыз өтпек болған 325 мигрантты ұстады.

Олардың 182-сі – кәмелетке толмаған балалар. Бұл туралы «Нью-Йорк Пост» газеті хабарлады. Басылымның жазуынша, босқындар суықта жылынбақ болып от жағып отырған кезде қолға түскен. Осы оқиғадан кейін жергілікті билік мигранттарға қылмыстық топтармен әрекет етуден барынша сақтануға шақырды. Ал АҚШ-тың Эл-Пасо қаласында жүздеген тұрғын биліктен Мексикамен шекарада қабырға тұрғызуды талап етіп, сап құрды.

Энтони Агуэро, жергілікті тұрғын:

– Біз биліктен Мексикамен шекараның осы тұсын қабырғамен бөлуді сұраймыз. Бұл ел қауіпсіздігі үшін қажет. Яғни шекарадан есірткі мен адамдарды заңсыз тасымалдауды тоқтатып, елдегі қылмысты азайтады.

Хабар 24 телеарнасы