Сирияда АҚШ-тың әуе күштері жасаған соққыдан 4 бейбіт тұрғын қаза болды. Бұған дейін біз араб мемлекетінің оппозициялық күштері АҚШ-тың қолдауымен Ирак және Левант» содырларының соңғы бекінісіне шабуыл жасағанын хабарлаған едік.
Шайқас Иракпен шекаралас Дейр-эз-Зор аймағында жүргізілді. Оппозиция өкілдерінің айтуынша, әскери операция 4-5 күннің ішінде аяқталуы мүмкін. Шабуылды бастамас бұрын аймақтан 20 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Алайда, бұл қайғылы оқиғаның алдын ала алмады. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы содырларды таяуда талқандайтынын мәлімдеген. Бірақ сарапшылар содырлар қол астындағы соңғы базаларынан айырылғанмен жасырын әрекет етуге қауқарлы деген пікірде. БҰҰ мәліметіне сәйкес, Ирак және Сирияда «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының әлі 18 мыңға дейін содыры әрекет етеді.