384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде су тасқынынан 10 адам көз жұмды

  • 422
  • UPD: 09:50, 12.02.2019
Перуде су тасқынынан 10 адам көз жұмды

Перуде бірнеше күн қатарымен жауған толассыз жауыннан 10 адам мерт болды.

Жарақат алғандар да аз емес. Мыңдаған адам зардап шекті. Аймақтағы кеңселер мен ғимараттар топан су астында қалды. Жолдарда көлік қатынасы тежелді. Табиғат апатынан елдің инфрақұрылымына орасан зор шығын келген. Әсіресе Мокегуа мен Такна қалалары ең көп зардап шекті. Бұл өңірлердегі тұрғындар қауіпсіздік мақсатында баспаналарын тастап, уақытша орнатылған шатырларда түнеуге мәжбүр болды. Жергілікті билік оларға 500 тонна гуманитарлық көмек жеткізілетінін айтып, елдің орталық пен оңтүстік аудандарында төтенше жағдай режимін жариялады.

Мартин Вискарра, Перу президенті:

- Қайғыдан қабырғамыз қайысып отыр. Табиғат апатынан 10 адам қаза тауып, 8 мыңға жуық адам зардап шекті. Одан бөлек 1800 адам жарақат алды. Аймақтағы автожолдар, тұрғын үйлер, медициналық орталықтар мен полиция учаскілерін топан су басқан. Ал зардап шеккендерге барынша көмек көрсетілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы