389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Cирияда коалиция соққысынан қаза тапқан бейбіт тұрғын саны артты

  • 434
  • UPD: 09:00, 13.02.2019
Cирияда коалиция соққысынан қаза тапқан бейбіт тұрғын саны артты

Сирияда АҚШ бастаған одақтас елдердің лаңкестерге қарсы әуе шабуылынан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны 70-ке жетті. Бұған дейін Дейр-эз-Зор аймағында әскери операциядан 4 тұрғын көз жұмғанын хабарлағанбыз.

Ақпарға қарағанда марқұмдар бәрі көлікке отырып, ұрыс аймағынан қашып бара жатқанда атқыланған. Еске сала кетейік, өткен аптада оппозициялық күштер АҚШ-тың қолдауымен Дейр-эз-Зор аймағындағы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» соңғы бекіністерін шабуылдауға көшкен. Мәліметке қарағанда бұл ауданда 600-ден астам содыр бекінген. Оппозициялық жасақтар оларға қарсы операция бастамас үшін аймақтан 20 мың тұрғынды эвакуациялаған еді.

Хабар 24 телеарнасы