389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгияда ереуілге байланысты әуе қатынасы тоқтады

  • 401
  • UPD: 10:24, 13.02.2019
Бельгияда ереуілге байланысты әуе қатынасы тоқтады inform.kz

Бельгия әуе қозғалысын басқару қызметі (Skeyes) жалпы ұлттық ереуілге байланысты бір тәулікке елдегі әуе кеңістігін жабатынын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарланғандай, әуе қозғалысы 13 ақпан 22:00-ге дейін жабылады. Бұл шектеу сейсенбі, 12 ақпан кешкісін қойылды.

24 сағаттық ереуілді кәсіподақтар бастаған. Олар жалақыны көтеруді талап етіп жатыр.

Ереуілге байланысты ұшақтардың ғана қозғалысы емес, қоғамдық, теміржол және теңіз көліктерінің де қозғалыстарына шектеу қойылып жатыр.

Сондай-ақ бұл ереуілге елдегі барлық мемлекеттік мекемелер қатысады. Білім беру, коммуналдық және жедел қызмет, соның ішінде құтқарушылар мен полиция жұмысы да жартылай тоқтайды.

Хабар 24 телеарнасы