378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brexit: Британияның ЕО-дан шығу мерзімі ұзартылуы мүмкін

  • 435
  • UPD: 13:36, 13.02.2019
Brexit: Британияның ЕО-дан шығу мерзімі ұзартылуы мүмкін

Ұлыбританяның премьер-министрі Тереза Мэй брекситті Брюсельмен қайта талқылау үшін парламенттен тағы біраз уақыт сұрады.

Бұл осы аптада өтуі тиіс дауыс беру процесінің тағы кейінге қалатынын білдіреді. Еуроодақпен жүргізілген келіссөздер әзірге еш нәтиже бермеді. Сол себепті Мэй парламентке құжаттың өзгертілген нұсқасын дайындап үлгермеді. Осылайша Ұлыбританияның Одақтан 29 наурызда жоспарсыз шығу ықтималдығы жоғарылады. Брюссельмен қараша айында келісілген Брексит жоспары ағылшын парламенті жаратпай отыр. Сондықтан жағдай үш түрлі сценарий бойынша өрбуі мүмкін. Яғни Ұлыбритания Еуропалық Одақтан жоспарсыз шығады. Британдықтар Брекситті соңғы сәтте бекітеді. Немесе Одақтан шығу мерзімі ұзартылады. 

Тереза Мэй, Ұлыбританияның премьер-министрі:

- Шешуші сәтте өзімізді-өзіміз қолға алып, «Брексит» бойынша бір келісімге келуіміз керек. Ағылшын палатасы қолдайтындай ортақ мәмілеге жетеміз деп ойлаймын. Сондықтан келесі кезеңде парламенттің шешімі маңызды рөльге ие болады. Бірақ, алдымен «Бэкстоп» мәселесі бойынша қандай да бір кепілдіктің болғанын қалаймыз.  

Айта кетерлігі, Ирландия аралында шекараның туындауына жол бермеу үшін «бэк-стоп» механизмі ұсынылып отыр. Ол Ұлыбританияның құрамындағы Солтүстік Ирландияның кедендік одақ пен Еуропалық Одақтың нарығында қалуын қарастырады. Алайда, Корольдіктің тұтастығына алаң болған ағылшын депутаттары бұған қарсылық білдіреді.

Хабар 24 телеарнасы