384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада үкіметке қарсы наразылық шарасы тыйылмай тұр

  • 479
  • UPD: 13:42, 13.02.2019
Венесуэлада үкіметке қарсы наразылық шарасы тыйылмай тұр

Ондаған мың Венесуэла тұрғыны Каракаста үкіметке қарсы митингке шықты. Наразылық акциясына қатысушылар Николас Мадуроның билік басынан кеткенін талап етті.

Оларға мотоциклге мініп келген оппозиция басшысы Хуан Гуаидо да қосылды. Сонымен қатар, Мадуроның жақтастары да көшеге шығып, саяси режимге қолдау көрсетті. Караскастағы алаңға келіп жеткен Мадуро елдің тыныштығы үшін барын салатынын жеткізді. Венесуэламен шекаралас Колумбияның КУкута қаласында да наразылық акциясы өтті. Мұндағы тұрғындар гуманитарлық көмекті Венесуэла аумағына кіргізгенін қалайды. АҚШ-тың гуманитарлық көмегі тиелген жүк көліктері бір аптадан бері Кукута қаласында қаңтарылып тұр. Естеріңізге салсақ, оппозиция басшысы Хуан Гуаидо қаңтардың 23-і күні өзін өзі уақытша Президент жариялады. АҚШ-тың қолдауына ие болған ол азық-түлік пен дәрі-дәрмекке зәру халыққа гуманитарлық жәрдем жеткізуді ұйымдастырды. Алайда Венесуэла Президенті Николас Мадуро елдің жағдайын жақсарту үшін гуманитарлық көмек керек емес дейді. Есесіне, экономикалық санкциялардың алынғанын талап етеді.

Хабар 24 телеарнасы