431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемге әйгілі есірткі баронына қатысты сот шешімі шықты

  • 1110
  • UPD: 13:47, 13.02.2019
Әлемге әйгілі есірткі баронына қатысты сот шешімі шықты

Әлемге әйгілі есірткі бароны Эль Чапо Гусман АҚШ соты таққан барлық айып бойынша кінәлі деп танылды. Айта кетерлігі, Мексиканың тумасы кедей отбасынан шығып, әлемдегі ең ірі есірткі империясын құрды.

Оның басқаруындағы есірткі айналымы триллиондаған АҚШ долларына жеткен. 2016 жылы Мексикада қолға түскен Эль Чапо бір жылдан кейін АҚШ сотына табысталды. Екі жылға созылған сот процесінің аяқталуына шақ қалды. Наркобаронға 10 түрлі қылмыстық айып тағылған. Атап айтқанда, 20 жылдан бері Америкаға кокаин, героин, метамфетамин және марихуана есірткісін тонналап тасығаны үшін сотталып отыр. Осыған байланысты Бруклиннің федералды соты оған өмірлік бас бостандығынан айыру үкімін шығаруы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы