419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда бейнелеу өнерін меңгерген құлтемір құрастырылуда

  • 1360
  • UPD: 22:39, 13.02.2019
Ұлыбританияда бейнелеу өнерін меңгерген құлтемір құрастырылуда

Ағылшын инженерлері сурет салып, өнерге баулитын құлтемірді көпшілікке таныстыратын болды.

Аида есімді робот қазір құрастырылу үстінде. Корноулл графтығында соңғы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аида сурет салып қана қоймай, адамның бет-әлпетін тани алады. Сондай-ақ дене қимылы мен адам жүзіндегі ым-ишараны қайталап көрсетеді. Ал құлтемірдің бейнелеу өнерін мамырда Оксфордта өтетін көрме кезінде тамашалауға болады. Сондай-ақ оның үздік туындылары көпшіліктің назарына қараша айында ұсынылады. Бұл көрме Лондонда өтеді деп жоспарланған.

Эйден Меллер, Engineered arts компаниясының директоры:

- Құлтемірлер өнерге жақын бола ала ма? Осыны сынап көргіміз келеді. Қазір жасанды интеллекті дамыту жұмыстары қарқынды  жүріп жатыр. Сондықтан бұл жобадан күтеріміз мол.

Хабар 24 телеарнасы