419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канадада қалың қар: Жол апаты көбейіп, рейстер кейінге шегерілді

  • 892
Канадада қалың қар: Жол апаты көбейіп, рейстер кейінге шегерілді

Канада астанасына қалың қар жауып, шаһарда көлік қозғалысы қиындады.

Ауа райының қолайсыздығынан жол апаты көбейген. Әзірге жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Жапалақтап жауған ақ ұлпадан Оттава әуежайында ондаған рейс кейінге шегерілді. Себебі жұмысшылар ұшу алаңдарын қардан тазалап үлгермей жатыр. Ал ауа райын болжаушылар 1 күннің ішінде 40 сантиметрге дейін қар түсуі мүмкін деп ескертуде. Осыған байланысты билік шаһардағы барлық мектептерді уақытша жауып, тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес беруде.

Хабар 24 телеарнасы