386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде орман өрті өршіп тұр

  • 427
  • UPD: 09:15, 14.02.2019
Чилиде орман өрті өршіп тұр ИА Regnum

Чилидің оңтүстігінде орман өртінің аумағы ұлғайып барады.

Аймақта жүзге жуық өрт ошағы тіркелді. Осының салдарынан ондаған тұрғын үй күлге айналды. Құтқарушылардың айтуынша, 6 жердегі өрт ауыздықталды. Оған арнайы техника мен тіұшақтар жұмылдырылды. Мамандар өрттің өшуіне қатты жел кедергі келтіріп жатқанын айтады. Өңірде тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Әзірге тілсіз жаудан мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы