Ағылшын инженерлері сурет салып, өнерге баулитын құлтемірді көпшілікке таныстырмақ.
«Аида» есімді робот қазір құрастырылу үстінде. Ол сурет салып қана қоймай, адамның бет-әлпетін тани алады. Сондай-ақ дене қимылы мен адам жүзіндегі ым-ишараны қайталап көрсетеді. Ал құлтемірдің сурет салу өнерін мамырда Оксфордта өтетін көрме кезінде тамашалауға болады. Сондай-ақ оның үздік туындылары көпшіліктің назарына қараша айында ұсынылады. Бұл көрме Лондонда өтеді деп жоспарланған.
Эйден Меллер, Engineered Arts компаниясының директоры:
– Құлтемірлер өнерге жақын бола ала ма? Осыны сынап көргіміз келеді. Қазір жасанды интеллекті дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан бұл жобадан күтеріміз мол.