386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгияда 600-ге жуық рейс кейінге шегерілді

  • 354
  • UPD: 12:10, 14.02.2019
Бельгияда 600-ге жуық рейс кейінге шегерілді

Көлік және әуе тасымалы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің бір тәулікке созылған ереуілі Бельгияны әбігерге салды.

Елдегі әуежайлар 24 сағатқа жабылып, 600-ге жуық рейс шегерілді. Брюссельдегі 4 метроның тек бірі ғана жұмыс істеп тұр. Корольдіктің өзге қалаларында да жолаушы тасымалдау қатынасы қиындады. Мектептер, мемлекеттік мекемелер мен дүкен орталықтары жұмыстарын тоқтатты. 60 мыңға жуық жолаушы өзінің бағытын өзгретуге мәжбүр болды. Алдын ала болжам бойынша, әуе компаниялары 13 миллион еуро көлемінде шығынға ұшырады. Кәсіподақтар еңбекақы, зейнетақы мен жәрдемақыны көтеруді талап етіп жатыр. Сондай-ақ жұмыс жағдайын жақсарту туралы ұсыныстар да бар.

Марианн Жаке, жолаушы:

– Ереуілге шыққысы келгендерге қарсылығым жоқ. Бірақ олар өзгелерге еңбек етуге кедергі келтірмеуі тиіс. Дәл қазір мен жұмысыма жете аплмай тұрмын. Бұл еліміздегі заң мен адамдардың құқығына қайшы келеді.

Карел Дасейер, жолаушы:

– Әуекомпаниясы билетімді ауыстырды. Сондықтан қазір автобуспен Роттердамға бара жатырмын. Сол жерден ұшаққа отырамын. Ереуілге қатысты айтарым мынау: капитал мен еңбек – екі түрлі нәрсе. Бүгінде капитал өскенімен, еңбек құны төмендеп барады.

Хабар 24 телеарнасы