419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ағылшындар дәрі жасап шығаратын 3D принтер ойлап тапты

  • 1490
  • UPD: 12:30, 14.02.2019

Ағылшын ғалымдары дәрі-дәрмек жасап шығаратын 3D принтер ойлап тапты.

Оны тіпті келешекте әр адам қалтасына салып, өзімен бірге алып жүре алатын болады. Пішіні шағын ғана құрылғыны Сассекс университетінің зерттеушілері құрастырып шығарған. «Онымен қарапайым дәрілерді оп-оңай басып шығаруға болады», - дейді олар. Бірегей принтер ең алдымен кедей елдерде таптырмас құрал болмақ. Себебі бұл мемлекеттер дәрі-дәрмек тапшылығына жиі ұшырайды. 

Мұхаммед Манируззаман, Сассекс университеті фармацевтика факультетінің профессоры:

– Бұл – әлемдегі ең кішкентай 3D принтерінің түпнұсқасы. Оны жасауда көп қиындық туғызғаны заттардың қажетті ғана мөлшерін беріп отыратын бөлшекті құрастыру болды. Одан өткендері камераға түсіп, нығыздалады. Сөйтіп дәрі шығады.

Дегенмен мамандар бұл 3D принтерді өндірістік жолға қою үшін қиындықтар тууы мүмкін деп отыр. Кей елдерде тіпті оған тыйым салынуы да ықтимал. Өйткені адамдар шағын принтермен қалаған дәрісін шығара алатын болады.

Хабар 24 телеарнасы