Минас-Жерайста жарылған бөгеттен қаза тапқандардың денелері әлі іздестіріліп жатыр.
Лай батпақ арасынан адамдардың мәйітін шығару үшін ауыр техника жұмылдырылды. Айта кетейік, қайғылы оқиғадан 165 адам қаза тапты. Тағы шамамен 200-ге жуық адам жоғалғандардың тізімінде. Ішінде 12 миллион текше метр темір кені бар бөгеттің жұмысы үшін «Вале» тау-кен қазу компаниясы жауапты еді. Алғашында жақын маңдағы тағы бір шахтада апатты жағдай туралы ескерту дабылы іске қосылғаннан кейін құтқару-іздестіру жұмыстары тоқталыған болатын. Қазір бұл іс қайта жанданды. Осыған орай аймақтағы тұрғындардың барлығы шұғыл эвакуацияланды.