419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Македониядағы ірі жол апаты: 13 адам қаза тауып, отызы жараланды

  • 844
  • UPD: 14:01, 14.02.2019
Солтүстік Македониядағы ірі жол апаты: 13 адам қаза тауып, отызы жараланды

Солтүстік Македонияда жұмысшылар отырған автобус аударылып, 13 адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Тағы отыз адам түрлі жарақат алған. Біреуі ауыр халде. Оқыс оқиға сәрсенбі күні кешке ел астанасы Скопьеден 25 шақырым жерде болған. Денсаулық сақтау министрінің мәліметі бойынша, жараланғандар дереу орталықтағы екі ауруханаға жеткізілді. Жергілікті ақпарат көздері автобус жүргізушісінің аман қалғанын хабарлайды. Жол апатының себептері қазір анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы