419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ - Қытай арасында сауда келіссөзі жалғасуда

  • 910
АҚШ - Қытай арасында сауда келіссөзі жалғасуда

Бейжіңде АҚШ пен Қытай сауда келіссөздері жалғасып жатыр.

Бұл жолы алыс-берістегі кедергілерді жойып, олқылықтардың орнын толыру үшін жоғары лауазымды тұлғалар бас қосты. Айта кетерлігі, қос тараптың сауда-саттықтағы қатынасты реттеуге екі апта уақыттары қалды. Тараптар ортақ мәмілеге келмесе, онда қос ел тауарларға тарифтерді алма-кезек өсіретін болады. Сауда келіссөздеріне Қытайдың вице-премьері Лю Хэ мен АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин қатысуда. Жуырда қос елдің делегациясы консультативтік кеңес өткізгендіктен, бұл жолғы келіссөздер нәтижелі болуы тиіс. 

Хабар 24 телеарнасы