389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада мыңдаған тұрғын биліктен жалақының көтерілуін талап етті

  • 566
Аргентинада мыңдаған тұрғын биліктен жалақының көтерілуін талап етті

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте мыңдаған халық ереуілге шықты.

Наразылар елдегі тауар мен түрлі тарифтердің өсуіне қарсылығын білдіріп, биліктен жалақының көтерілуін талап етті. Шаһардың түкпір-түкпірінен жиналған жұрт қаланың орталық алаңына қарай бет алды. Салдарынан аймақтағы көлік қатынасы тежелді. Наразылық шарасы бейбіт түрде өтті. Айта кетейік, қазір Аргентина қиын экономикалық кезеңді бастап кешіп жатыр. Елдегі инфляция 47,6 пайызды құраған. Сонымен қатар бағаның өсуі мен жұмыссыздық жаппай белең алып отыр. Аймақтағы аптап ыстық кесірінен егін алқаптары жарамсыз қалған. Салдарынан халықтың тұрмысы нашарлап, аш құрсақ жүргендердің қатары артты.

Хабар 24 телеарнасы