386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та мұғалімдердің ереуілі басылар емес

  • 495
  • UPD: 14:23, 14.02.2019
АҚШ-та мұғалімдердің ереуілі басылар емес

Колорадо штатындағы Денвер қаласының мұғалімдерінің ереуілі қатарынан 3 күн жалғасып жатыр.

Наразылар әкімшіліктің мектеп ұстаздары үшін бөлген сыйақының мөлшеріне көңілдері толмайтынын айтып, жалақыларын көтеруін талап етті. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мұғалімдердің мүддесін қорғағандар мен әкімшіліктің келіссөздері арқасында бірнеше мәселе шешімін тапты. Тіпті наразыларды қала мэрі де қолдап отыр. Айта кетейік, мектеп ұстаздары соңғы 25 жылда алғаш рет жаппай бас көтерді. Ал жуырда ғана дәл осындай наразылық акциясы Лос-Анджелесте өткен болатын. Алты күнге созылған шараның нәтижесінде мұғалімдердің еңбекақысы 6 пайызға өсті.

Хабар 24 телеарнасы