384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралия билігі табиғи апаттан келген адам шығынын есептеуде

  • 359
Австралия билігі табиғи апаттан келген адам шығынын есептеуде MirVkartinkah.Ru

Табиғи апаттардан көз ашпай отырған Австралия тұрғындары әбден есеңгіреп қалды.

Елдің солтүстік шығысындағы Жаңа Оңтүстік Уэльстегі тұтанған өрттен бірнеше тұрғын үй күлге айналды. Жергілікті билік аймақтағы өзге баспаналар апатты жағдайда екенін хабарлайды. Тілсіз жаудан 17 мың гектар жер телімі мен егін алқаптары жарамсыз қалған. Ал Викторияда құмды дауыл соқса, Сидней мен Квинсленд тұрғындарын су тасқыны әбігерге салды. Апаттан жүздеген халық тұрғылықты жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Мыңдаған ғимарат топан су астында қалды. Жергілікті билік табиғаттың тосын сыйынан келген адам шығынын есептеуге кірісті.

Хабар 24 телеарнасы