386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан шекарасында лаңкестік шабуылдан 40 адам қаза тапты

  • 623
  • UPD: 23:29, 14.02.2019
Үндістан шекарасында лаңкестік шабуылдан 40 адам қаза тапты

Үндістанның Джамму және Кашмир аймағында лаңкестер әскери көліктерге шабуыл жасап, 40 адам қаза тапты. Лаңкестік әрекет Сринагар-Джамму тас жолында болған.

Содырлар жол шетіне бомба жасырып, көліктердің бірі соған түсіп жарылыпты. Шабуылды «Джаиш-е-Мухаммад» лаңкестік тобы мойынына алды. Айта кетейік, Үндістанның Джамму және Кашмир штатында ондаған бүлікші топ әрекет етеді. Олар осы аймақтың Үндістаннан бөлініп, Пәкістанға қосылуын қалайды. Ал Кашмирде екі мемлекет арасында шекара жоқ. Ол тек бақылау сызығымен бөлінген.

Хабар 24 телеарнасы