389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде ара тотықұсын заңсыз сатпақ болғандар құрықталды

  • 395
  • UPD: 07:40, 15.02.2019
Чилиде ара тотықұсын заңсыз сатпақ болғандар құрықталды

Чилиде ара тотықұсының 59 балапанын контрабандалық жолмен сатпақшы болған адам ұсталды.

Кеден қызметкерлері такси көлігін тінту барысында алдымен 29 тотықұсты тауып алады. Одан кейін тағы 30 балапан салынған қораптарды анықтайды. Браконьер тотықұстың балапандарын ұядан жинап алғанын мойындады. Осылайша күдікті жойылудың аз-ақ алдында тұрған ара тотықұсын заңсыз саудалағысы келген. Бұл қылмысы үшін ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қауырсындары түсіп, денсаулықтарына зардап келген балапандар қазір Чилидің ұлттық зообағына орналастырылды.

Хабар 24 телеарнасы