430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Галапагос аралын тазалау кезінде 4,5 тонна қоқыс шығарылды

  • 1426
  • UPD: 13:47, 15.02.2019
Галапагос аралын тазалау кезінде 4,5 тонна қоқыс шығарылды

Галапагос аралын тазалау кезінде 7 күннің ішінде 4,5 тонна қоқыс шығарылды.

Оның дені теңізге тасталған пластик. Жағаға шайылған қоқыстар Оңтүстік және Орталық Америкада өндірілген көрінеді. Алайда Эквадор билігі пластик қалдықтарды Тынық мұхитынан арғы бетіндегі Азия елдерінен де келуі мүмкін дегенді айтады. Ал ұлттық парк өкілдері болса, жағаға шайылған пластиктің ұсақ қалдықтары мұнда тіршілік ететін жануарлардың ағзасына түседі деп дабыл қағуда.

Айта кетерлігі, 1959 жылы құрылған Галапагос ұлттық паркі аралдың 97 процент аумағын алып отыр. Тазалық шарасы парктің 60 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Дженифер Суарез, Галапагос ұлттық паркінің қызметкері:

- Көліктің дөңгелегі, тоңазытқыштың бөлшектері, қалбырлар мен өзге де ұсақ пластик қалдықтар аралдың жағалауына үйіліп қалған. Тастардың астына, топыраққа көміліп қалған қоқысты көріп жағамызды ұстадық.

Хабар 24 телеарнасы