384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде көне Citroen көліктерінің шеруі өтті

  • 614
  • UPD: 14:42, 15.02.2019
Парижде көне Citroen көліктерінің шеруі өтті

Парижде танымал француз брендінің автошеруі өтті.

Citroën 2CV немесе француздардың арасында «Дю Шеву» лақап атымен белгілі шағын көліктер қала көшелерін аралады. Түрлі түске боялған отыз шақты көлік Париждің ең көрікті жерлерін аралады. Атап айтқанда, қаз-қатар тізілген көліктер Эйфель мұнарасын, Елисей алаңдары мен Армия музейіне әдейілеп барды. 

Айта кетерлігі, ықшамдығымен көзге түсетін Citroën 1948 жылы Париж жұртына таныстырылған. Аталған көлік өндірісі 90-жылдары тоқтағанымен, француздар  әлі күнге дейін Citroën-ге мінгенді ұнатады.

Винсен Даржен, экскурсия жүргізуші:

- Бұл көлікті жүргізу керемет әсерге бөлейді. Аяқтың астындағы қозғалтқышты толық сезесің. Бізді көргенде адамдар қуанып, қол бұлғайды. Citroën Париж өміріне өзгеше леп береді. Қазір қалада көлікпен жүру қиындай түскен. Бірақ «Дю Шевумен» жүрудің өзі бір ғанибет.

Хабар 24 телеарнасы