389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда жарылыстан көз жұмған әскерилер саны 45-ке жетті

  • 488
  • UPD: 14:56, 15.02.2019
Үндістанда жарылыстан көз жұмған әскерилер саны 45-ке жетті ГолосUA

Үндістанда әскери көліктерге жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 45-ке жетті.

Лаңкестік әрекет Сринагар-Джамму тасжолында болған. Шабуыл 78 әскери көлік қаз-қатар келе жатқанда жасалды. Өкінішке қарай, автобуста болған орталық резервтегі 44 полиция мүшесінің бірде-бірі жарылыстан аман қалмады. Басқа автобуста болған тағы бір адам опат болды. 38 адам түрлі жарақат алған. Шабуылды «Джаиш-е-Мұхаммед» лаңкестік тобы мойынына алды.

Айта кетейік, Үндістанның Джамму және Кашмир штатында ондаған лаңкестік топ әрекет етеді. Олар осы аймақтың Үндістаннан бөлініп, Пәкістанға қосылуын қалайды. Ал Кашмирде екі мемлекет арасында шекара жоқ. Ол тек бақылау сызығымен бөлінген.

Хабар 24 телеарнасы