378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египет президенті қызметін жалғастыруы мүмкін

  • 733
  • UPD: 15:13, 15.02.2019
Египет президенті қызметін жалғастыруы мүмкін

Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси 2034 жылға дейін билік басында қалуы мүмкін.

Египеттің парламенті бейсенбі күні конституцияға өзгерістер енгізді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, президенттік өкілеттік төрт жылдан алты жылға дейін ұзартылады. Бұдан бөлек, мемлекет басшысын қайта сайлаудағы шектеулер алынып тасталады. Бұл бастаманы қолдаушылар «жаңа тәртіп Ас-Сиси қолға алған реформаларды аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік бермек», – дейді.

Айта кетерлігі, Ас-Сисидің билік басындағы екінші мерзімі 2022 жылы аяқталады. Мысырдың ата заңына қандай да бір өзгеріс енгізуге оппозиция қарсылық танытып отыр. Алайда олар 600 орындық парламентте небәрі 14 орынға ие. Египеттің конституциялық соты мен заң шығарушы комитет аталған өзгерістерді қарастырғаннан кейін, бұл мәселе жалпыхалықтық референдумда дауысқа салынады. Референдум ағымдағы жылдың орта тұсында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы