384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің бірқатар елі табиғи апаттан зардап шегуде

  • 579
Әлемнің бірқатар елі табиғи апаттан зардап шегуде

Перуде толассыз жауын мен тасқын кезінде қаза тапқандардың саны артып, 15-ке жетті.

Апта бойына толастамаған нөсер елде аласапыран туғызған. Мыңдаған адам баспанасынан айырылып, тұрғындар үйлерін тастап қашып жатыр. Юримагуас қаласында көптеген ғимаратты су басты. Қазір апат аймақтарында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Боливияда осындай нөсер мен су тасқынынан 21 адам опат болды. Тағы 11 тұрғын ұшты-күйлі жоғалған. Жауын елдегі жолдың 80 процентін шайып кетті. Айта кетейік, бұған дейін Чили билігі де қолайсыз күн райынан елге 90 миллион доллар шығын келгенін мәлімдеген еді.

Хабар 24 телеарнасы