388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үнділер шекарадағы оқиғаға байланысты Пәкістанға сес көрсетті

  • 578
  • UPD: 08:09, 16.02.2019
Үнділер шекарадағы оқиғаға байланысты Пәкістанға сес көрсетті

Үндістан өткен күндері әскерилерге жасалған шабуылға байланысты Пәкістанға қатал жауап беретінін мәлімдеді. Премьер-министр Нарендра Модидің айтуынша, содырлар мен оларды қолдаушылар үлкен қателік жасаған.

Еске сала кетейік, бейсенбі күні үнді әскерилері мінген көліктер жолға жасырынған минаға жарылып, 45 жауынгер қаза тапты. Тағы ондаған сарбаз жарақат алды. Лаңкестік әрекет Үндістан мен Пәкістан арасындағы қатынасты шиеленістіріп жіберді. Себебі, ресми Дели мұның артында Пәкістан тұр деп санайды. Исламабад айыптарды жоққа шығаруда. Ал шабуылды Джамму және Кашмир аймағының Пәкістанға қосылуын қалайтын «Джаиш-е-Мухаммад» лаңкесік тобы мойнына алды.

Хабар 24 телеарнасы