384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде қызылша ауруын жұқтырғандар саны артып барады

  • 363
  • UPD: 08:37, 16.02.2019
Әлемде қызылша ауруын жұқтырғандар саны артып барады

Әлемде қызылшамен ауырғандардың саны жыл санап артып келеді. Былтыр бұл дертке 250 мыңға адам шалдығып, олардың жартысына жуығы көз жұмған.

Мұндай мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасады. Қаза тапқандардың көбі Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия тұрғындары. Сондықтан халықаралық сарапшылар қызылшаға қарсы екпемен айналысатын ұйымдарды барынша ашық және шұғыл қимылдауға шақырып отыр. Мамандардың айтуынша жұқпалы індетпен тиімді күресудің бірден бір жолы оған қарсы екпенің барынша қолжетімді ету. Айта кетейік, қызылшаға қарсы екпе 1960 жылы жасалып шығарылған. 

Кэтрин О'Брайен, ДДСҰ өкілі:

- Әр елдің үкіметі қызылшаға қарсы екпенің қолжетімді болуын қамтамасыз етуі тиіс. Адамдар бұл екпе туралы барлық ақпаратты біліп, одан бас тартудың қауіпті салдарын түсінуі керек.

Хабар 24 телеарнасы