423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Копенгаген ауаға зиянды қалдық шығармайтын алғашқы қалаға айналуы мүмкін

  • 1255
  • UPD: 12:07, 16.02.2019

Дания астанасы Копенгаген атмосфераға зиянды заттарды мүлдем шығармайтын әлемдегі ең алғашқы қаланың бірі болуы мүмкін.

Осыған орай шаһарда заманауи қоқысты қайта өңдеуші зауыт құрылды. Бір қызығы, онда ойын-сауық аттарциондары бар. Ал биіктігі 85 метр болатын шатырдың үстін невепласт деген жасанды материалымен қаптап, шаңғы тебуге арналған арнайы орын жасап шығарды. Мамандардың айтуынша, басты мақсат - таза экологиялық өндіріс жасау. Орталық қысы -жазы жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар сағатына 150 адамнан қабылдай алады.

Пелл Хансен, шаңғышы: 

- Қала ішінде шаңғы тебу деген керемет екен. Енді, шаһар сыртынан сырғанайтын жер іздеп әуре болмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы