388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде орман өртеніп жатыр

  • 518
  • UPD: 17:18, 16.02.2019
Чилиде орман өртеніп жатыр YouTube

Тілсіз жау әлемді әлекке салып тұр.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жүзден астам аумақта от тұтанып, оның тек 30-ы ғана сөндірілді. Елдің оңтүстік өңірінде қауіптіліктің қызыл деңдейі жарияланды. Мұнда ондаған үй күлге айналған. Өрт сөндіру жұмыстарына жүздеген маман мен 30-дан астам ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды. 2 адам опат болып, 39 мың гектар жер жарамсыз боп қалды. Қазір өңірде жел күшейіп, жалын өрши түскен. Жергілікті билік қауіпті аймақтардан адамдарды эвакуациялап жатыр.  

Хабар 24 телеарнасы