384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда қауіпсіздік мәселесі бойынша конференция өтіп жатыр

  • 572
  • UPD: 17:31, 16.02.2019
Германияда қауіпсіздік мәселесі бойынша конференция өтіп жатыр

Мюнхенде қауіпсіздік мәселесі бойынша 55-конференция басталды.

Күн тәртібінде қаруландыру саласы, орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісім, сонымен қатар брекситтен кейінгі әскери ынтымақтастық мәселелері пысықталады. Конференцияға НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг, Еуроодақ дипломатиясының басшысы Федерика Могерини қатысады. Сондай-ақ 500-ден астам дипломат, олардың ішінде 35 елдің басшылары мен 80 қорғаныс және сыртқы істер министрлері қатысуы тиіс. Келіссөздер ақпанның 17-сіне дейін жалғаспақ.

Хабар 24 телеарнасы