427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияда кемежайлардың жұмысы уақытша тоқталды

  • 832
Грекияда кемежайлардың жұмысы уақытша тоқталды

Грекияның Лаврион мен Пирей қалаларында қатты жел тұрғандықтан, электр желілері үзіліп, көшедегі ағаштар құлап қалды.

Аймақтағы кемежайлардың жұмысы уақытша тоқталды. Мамандардың айтуынша, жел екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен. Ал елдің орталық пен солтүстік аймағына қар жауып, ауа температурасы төмендеді. Жергілікті билік тұрғындарға табиғаттың тосын сыйына жақсылап қамдануға кеңес беріп, алыс сапарға шықпауға шықырады. Апаттан жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы