428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Санкт-Петербургте университет ғимаратының қабырғасы құлады

  • 915
  • UPD: 18:44, 17.02.2019
Санкт-Петербургте университет ғимаратының қабырғасы құлады

Санкт-Петербургте білдей бір оқу орны ғимаратының қабырғасы опырылып құлады. Бұл 5 қабатты нысан - ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті.

Абырой болғанда, мерт болып, жарақат алғандар жоқ. Оқиға демалыс күні болғандықтан оқу орталығында әдеттегідей көп адам болмаған. Бірақ университетте 1-2 курс студенттері үшін қосымша сабақ жүріп жатыпты. 60-тан астам адам эвакуацияланған. Олардың арасында шетел азаматтары да бар. Құтқарушылардың айтуынша, үйінділер астында  адам қалған жоқ. Дегенмен, құтқару-іздестіру операциясы әлі жалғасып жатыр. Мамандар университеттің шамамен 150 шаршы метр аумағы қирағанын айтады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша апатқа жөндеу жұмыстары кезіндегі техникалық талаптардың орындалмауы себеп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы