427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда төрт әскери қызметкер қаза тапты

  • 1261
  • UPD: 15:09, 18.02.2019
Үндістанда төрт әскери қызметкер қаза тапты

Үндістанның Джамму және Кашмир штатында болған содырлармен қақтығыста төрт әскери қызметкер қаза тапты.

Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Hindustan Times басылымы хабарлады. Келтірілген ақпарларға сәйкес, Пулвама өңірінде атыс болған. Одан соң қарулы күштер сол аумақты қоршап, тінту жүргізген. Жергілікті тұрғындардан үйлерінен шықпау талап етілген.

Еске сала кетейік, өткен бейсенбіде дәл осы елді мекенде жойқын жарылыс болып, 45 адам көз жұмған болатын. Шабуылды «Джаиш-е-Мухаммад» лаңкестік ұйымы мойнына алған еді.

Хабар 24 телеарнасы