384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияның саяси партиялар желісіне кибершабуыл жасалды

  • 516
  • UPD: 15:23, 18.02.2019
Австралияның саяси партиялар желісіне кибершабуыл жасалды

Австралия парламентінің компьютер желісіне жасалған кибершабуылдан үш саяси партияның мәліметтері қолды болды.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Скотт Моррисон мәлімдеді. Алаяқтар елдің Либералды, Лейбористік және Ұлттық партияларының компьютер желісін зақымдаған. Хаккерлер партияның ішкі ақпарлары мен қызметкерлер туралы мәліметті алып үргеруі мүмкін. Әзірге тергеу амалдары жалғасып жатыр. Австралияның киберқауіпсіздік бойынша ұлттық агенттігі қылмыскерлердің аты-жөнін анықтауда.

Скотт Моррисон, Австралия премьер-министрі:

- Ұлттық киберқауіпсіздік бойынша агенттіктің мамандары бұл шабуылдың әдейі ұйымдастырылғанын айтады. Яғни тек бір хакер емес, бүтін бір шетелдік мемлекет осындай кибершабуыл жасауы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы