378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венеция әкімшілігі қаланы таза ұстаудың амалын тапты

  • 326
  • UPD: 07:41, 19.02.2019
Венеция әкімшілігі қаланы таза ұстаудың амалын тапты

Венеция әкімшілігі әйгілі туристік қаланы таза ұстаудың тағы бір амалын ойлап тапты. Енді шаһарға бір күнге келген саяхатшылардан да салық алынатын болды. Себебі туризммен аты шыққан қалада 60 мың адам ғана өмір сүреді. Бірақ олар қоқысты жинау үшін елдің өзге аймақтарымен салыстырғанда 40 пайызға артық төлейді. Сондықтан Венеция билігі әйгілі шаһарды көруге келгендерден 2-10 еуродай алым алуды шешкен. Ал ресми дерекке қарағанда судағы шаһарды көру үшін жыл сайын 30 миллион саяхатшы келеді екен. 

Клаудио Скарпа, Венеция қонақ үйлер қауымдастығының басшысы:

- Мәселен, Венецияға келетін саяхатшылардың 70 пайызы қалаға түнемей кері қайтады. Ал олардан шаһар қазынасына келетін кіріс мөлшері тек 30 пайызды құрайды. Бірақ шығын одан да көп.

Менди Маркворд, саяхатшы:

- Венеция керемет қала. Оны көру үшін 10 еуро салық төлеу  дұрыс шешім деп ойлаймын. Мұнда көліктер жоқ, бәрі жақсы ұйымдастырылған. Сондықтан бұл шешімді қолдаймын.

Венеция Италияда қоқысты өңдеу бойынша алғашқы орында тұр. 2017 жылы мұнда 70 пайызға жуық қоқыс өңделген. Бұл Италияның өзге шаһарларымен салыстырғанда 20 пайызға артық.

Хабар 24 телеарнасы