383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Идлибте қатарынан қос жарылыс болды

  • 424
  • UPD: 09:14, 19.02.2019
Идлибте қатарынан қос жарылыс болды

Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб қаласында екі рет болған жойқын жарылыстан 15 адам қаза тапты.

Тағы 30-дан аса тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, миналанған автокөлік түс ауа жарылған. Артынша бірнеше секундтан соң сол аймақта екінші жойқын жарылыс болды. Әзірге ешқандай лаңкестік ұйым жарылысты өз мойнына алмады. Десе де Идлиб «Хайат Тахрир аш-Шам» лаңкестік ұйымының бақылауында екенін және соңғы айлар жиі шабуылға ұшырап келгенін айта кеткен жөн.

Хабар 24 телеарнасы